Мектебімізде жол-көлік апаттарының және кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шарбақты ауданы полиция бөлімінің инспекторлары Шинтаев М.А , Аязбаева Д.К қатысуымен кездесу өтілді. Кездесу барысынла оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, сондай-ақ қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері мен коменданттық сағат талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, инспекторлар рейд нәтижелерімен таныстырып, оқушыларды жолда және қоғамдық ортада тәртіп пен жауапкершілікті сақтауға шақырды.Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу және жеке қауіпсіздік бойынша пайдалы кеңестер берілді.
https://www.instagram.com/p/DQ3cgCBCuVz/?igsh=eHByczRieXR6YXVo





