«Ұлттық Style» жобасы мектебімізде жалғасуда! Қараша айында оқушылар көркем еңбек пәнінің мұғалімі-Г.Т.Хайрудинованың жетекшілігімен кросс-боди, этно-шоппер және спорттық сөмке тігуді үйреніп, өз қолымен сәнді аксессуарлар жасайды. Этникалық өрнектермен безендірілген бұл бұйымдар ұлттық нақыш пен заманауи стильдің тамаша үйлесімі! Әр тігісте - шығармашылық, әр өрнекте - ұлттық рух.Олар жасаған этникалық өрнектермен безендірілген шопперлер дәстүрлі нақышты қазіргі заман стилімен шебер ұштастырып, қазақ өнерінің байлығы мен әсемдігін көрсете алды.
https://www.instagram.com/p/DRgcf4bihQj/?igsh=Z2ttb2tud3VhMDJ1





