|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Есілбай жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Есильбайская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
2
Қараша
2026
|
Бүгін мектебімізде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Адал азамат – білімді ұрпақ: жаңа оқу жылына алғашқы қадам» атты салтанатты жиын өтті.
Жиын барысында ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілектер айтылып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ерекше көңіл бөлінді. 🔔📖
Жаңа оқу жылы барша ұстаздарымызға шығармашылық табыс, оқушыларымызға мол білім, биік жетістіктер әкелсін!
Оқу жылы құтты болсын! Білім жолындағы алғашқы қадамдарыңыз сәтті болсын!
https://www.instagram.com/p/DcvGSqtiv55/?psln=MWllbjNvNjU2eHgyZQ==
Мектебімізде Отбасы күніне орай «Отбасы – тәрбие бастауы» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында оқушылар отбасы, сыйластық, мейірімділік, жауапкершілік туралы ой бөлісіп, өз отбасыларының өнегесі мен құндылықтары жайлы әңгімеледі. Отбасы – бала тәрбиесінің алтын бесігі, адамгершілік пен ізгіліктің бастауы екені кеңінен насихатталды.
https://www.instagram.com/p/DdERExxCtN5/?img_index=7&cplk=MWp5ZGVvaGZ6bXNxMg==
Бүгін мектебімізде «Денсаулық күні» аталып өтілді. 🏃♀️⚽️🏃♂️
Шараның басты мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға, белсенді әрі сергек болуға баулу. Оқушылар спорттық ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күймен уақыттарын тиімді өткізді.
Денсаулық – зор байлық! Спорт – мықты денсаулықтың кепілі!
Барша оқушыларға мықты денсаулық, белсенді өмір және әрдайым жеңіс тілейміз!

|
9
Желтоқсан
2025
|
Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат бере отырып, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін ұғындыру мақсатында "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың 16 күні" акциясы аясында мектеп психологі К.Г.Алигожина оқушылармен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты тренинг өткізді.
https://www.instagram.com/p/DRjq5ScCjGr/?igsh=MTcxMGRqZTRoamNxNA==

Мектебіміздің тарих және география пәнінің мұғалімі - Б.Р.Магметов "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың 16 күн" акциясы жоспарына сәйкес оқушылармен "Бала құқықтарын қорғау" атты танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында адам құқығы, оның ішінде бала құқығы, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға, құқықтық тәрбие жайлы айтылды.Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге бағыт-бағдар берілді.
https://www.instagram.com/p/DRzM8PGCpyD/?igsh=MXYxMWwwZGU0OGk4OQ==

"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың 16 күн" акциясы жоспарына сәйкес оқушылармен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты тәрбие сағаттары өтілді.Тәрбие сағаты барысында зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беріліп, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айтылды. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де, тәртіпті тұлға болып қалыптасуларына ақыл-кеңестер айтылды.
https://www.instagram.com/p/DR3pwT0imu7/?igsh=MXBybzRqMjUwaTEwbw==

|
9
Желтоқсан
2025
|
«Ұлттық Style» жобасы мектебімізде жалғасуда! Қараша айында оқушылар көркем еңбек пәнінің мұғалімі-Г.Т.Хайрудинованың жетекшілігімен кросс-боди, этно-шоппер және спорттық сөмке тігуді үйреніп, өз қолымен сәнді аксессуарлар жасайды. Этникалық өрнектермен безендірілген бұл бұйымдар ұлттық нақыш пен заманауи стильдің тамаша үйлесімі! Әр тігісте - шығармашылық, әр өрнекте - ұлттық рух.Олар жасаған этникалық өрнектермен безендірілген шопперлер дәстүрлі нақышты қазіргі заман стилімен шебер ұштастырып, қазақ өнерінің байлығы мен әсемдігін көрсете алды.
https://www.instagram.com/p/DRgcf4bihQj/?igsh=Z2ttb2tud3VhMDJ1

|
9
Желтоқсан
2025
|
Мектебімізде жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1. 2025-2026 оқу жылындағы тәрбие бағыты:"Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасымен таныстыру; 2. Мектептің ішкі тәртіп ережесі (Баланың өмір қауіпсіздігі, мектеп формасы, kundelik.kz ) 3.Оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы; 4."Жасөспірімдер дағдарысы және оны жеңудегі ата-аналардың рольі" Мектеп психологі-К.Г.Алигожина 5.Ағымдағы мәселелер. Жиналыс барысында ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты орнату мақсатында баяндамалар оқылып, мектеп психологы тренинг жүргізді.Ата-аналармен сұрақ жауап жүргізу барысында түрлі мәселелер қозғалып, өзара пікір алмасты.
https://www.instagram.com/p/DQMxIGFCi0p/?igsh=MTd1bTlubnp0cXV2Mw==
|
5
Желтоқсан
2025
|
Республика күні мерекесіне орай мектебімізде 25 қазан күні "Жайнай бер, жасай бер, Қазақстаным" атты мерекелік іс-шара өтілді. Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің негізін қалаған тарихи күннің маңызын ұғындыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу болды.Бағдарлама барысында оқушылардың орындауында патриоттық әндер мен өлеңдер шырқалды. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, ел бірлігін, тәуелсіздікті және азаттық рухын қастерлеудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл мереке баршамыз үшін елдік пен егемендіктің нышаны, жарқын болашаққа деген сенімнің белгісі.
https://www.instagram.com/p/DQM_tusCpmy/?

|
5
Желтоқсан
2025
|
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акция барысында мектеп ұжымы мектеп аумағын тазалау мақсатында жаппай сенбілікке шықты. Сенбілік барысында қызметкерлер мен оқушылар мектептің айналасын қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мектеп айналасы қоқыстан тазарып, қураған бұталар алынып, жапырақтардан тазартылды. Аталған сенбілікке ұжым белсенділікпен атсалысып, мектеп тазалығы мен көркейту- көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Бұл акцияның мақсаты - мектеп аумағын таза ұстап, өзіміз тұратын ортаға, табиғатқа, мекеме тазалығына деген көңіл аударту. Аталған сенбілікке ұжым белсенділікпен атсалысып, мектеп тазалығы мен көркейту- көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. ☘️Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау - әрбір азаматтың басты міндеті.
|
5
Желтоқсан
2025
|
Мектеп парламентінің президентін сайлауға 52 оқушы қатысты. Дауыс беру нәтижесі: Абжатова Айзереде 15 дауыс Иманғазы Саяжанда 14 дауыс, Тоты Нұрайымда 23 дауыс. Тоты Нұрайымның мектеп өмірінің жандануы мен гүлденуіне үлесін аянбай қосатынына сенімдіміз! Жаңа лауазымыңыз құтты болсын! Айзере мен Саяжан да мектеп парламентінің дамуына үлестерін қосатынына сенімдіміз!
https://www.instagram.com/reel/DQBJbU3iiug/?igsh=MXg3MGtxcWRqMDhiNQ
|
5
Желтоқсан
2025
|
«Денсаулық – өмір, ал өмір – қимыл» ұранымен мектебімізде Денсаулық сақтау күніне орай денешынықтыру пәнінің мұғалімі - Б.Х.Неғманов пен спорт нұсқаушысы С.К.Киреевтың ұйымдастыруымен футболдан жарыс өтілді. Ойын қызықты,әрі көңілді болды.
Жасөспірімдердің денсаулығын нығайту мақсатында өткізілген мұндай жаттығулар салауатты өмірге шақыруға көп көмегін тигізеді. https://www.instagram.com/p/DO8DsszCrhI/?igsh=Z29vMHpxNHYwdWQ4





