Бүгін мектебімізде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Адал азамат – білімді ұрпақ: жаңа оқу жылына алғашқы қадам» атты салтанатты жиын өтті.
Жиын барысында ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілектер айтылып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ерекше көңіл бөлінді. 🔔📖
Жаңа оқу жылы барша ұстаздарымызға шығармашылық табыс, оқушыларымызға мол білім, биік жетістіктер әкелсін!
Оқу жылы құтты болсын! Білім жолындағы алғашқы қадамдарыңыз сәтті болсын!
https://www.instagram.com/p/DcvGSqtiv55/?psln=MWllbjNvNjU2eHgyZQ==
Мектебімізде Отбасы күніне орай «Отбасы – тәрбие бастауы» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында оқушылар отбасы, сыйластық, мейірімділік, жауапкершілік туралы ой бөлісіп, өз отбасыларының өнегесі мен құндылықтары жайлы әңгімеледі. Отбасы – бала тәрбиесінің алтын бесігі, адамгершілік пен ізгіліктің бастауы екені кеңінен насихатталды.
https://www.instagram.com/p/DdERExxCtN5/?img_index=7&cplk=MWp5ZGVvaGZ6bXNxMg==
Бүгін мектебімізде «Денсаулық күні» аталып өтілді. 🏃♀️⚽️🏃♂️
Шараның басты мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға, белсенді әрі сергек болуға баулу. Оқушылар спорттық ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күймен уақыттарын тиімді өткізді.
Денсаулық – зор байлық! Спорт – мықты денсаулықтың кепілі!
Барша оқушыларға мықты денсаулық, белсенді өмір және әрдайым жеңіс тілейміз!





