Республика күні мерекесіне орай мектебімізде 25 қазан күні "Жайнай бер, жасай бер, Қазақстаным" атты мерекелік іс-шара өтілді. Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің негізін қалаған тарихи күннің маңызын ұғындыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу болды.Бағдарлама барысында оқушылардың орындауында патриоттық әндер мен өлеңдер шырқалды. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, ел бірлігін, тәуелсіздікті және азаттық рухын қастерлеудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл мереке баршамыз үшін елдік пен егемендіктің нышаны, жарқын болашаққа деген сенімнің белгісі.
https://www.instagram.com/p/DQM_tusCpmy/?





